Астана көшелеріне бір күнде көктайғаққа қарсы реагенттің 5,28 тоннасы себілді

1139

Астана көшелеріне бір күнде көктайғаққа қарсы реагенттің 5,28 тоннасы себілді

28 қарашада қаланы қардан тазалауға 272 жұмыскер шықты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Астана Тазалық" ЖШС-нің ақпаратынша сәрсенбіде аталмыш жұмыстарға мамандандырылған техниканың 643 бірлігі жұмылдырылған.

Тазаланған қардың жалпы көлемі – 38 297  текше метр. "Астана Тазалық" қала сыртына  қардың 19 276, өзге мекемелер 17121  текше метр, "Астана көгалдандыру құрылысы" 1900 текше метрін шығарды.

16 қазаннан 27-шы қарашаға дейін 431 594  текше метр қар шығарылды. 28 қарашада құм-тұз аралас қоспаның 147 текше метрі шашылды. Көктайғаққа қарсы реагенттің 5,28 тоннасы себілді. 13 қазанан 27 қараша аралығында себілген құм-тұз аралас қоспаның жалпы көлемі 7835,5 текше метрді құрайды.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады. Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу