Астана көшелерінің бірінен ер адамның денесі табылды

119

Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр.

Астана көшелерінің бірінен ер адамның денесі табылды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"102" арнасына жергілікті учаскелердің бірінің маңында ер адамның мүрдесі туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның мәйітін тапты. Қазір марқұмның жеке басын анықтауға және оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу