Астана көшесінде қайықпен жүзгендер жазаланбайтын болды

851

Жаңбырдан кейін жиналған суда қайықпен жүзген екі жігіттің әрқайсысына 5 АЕК (12 мың 025 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған болатын.

Астана көшесінде қайықпен жүзгендер жазаланбайтын болды Фото: inform.kz

Астана қаласының соты нөсер жаңбырдан кейін жайылма су басып кеткен көшеде қайықпен жүзген тұрғындарға салынған айыппұлды алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

"Біздің шағымымыз бойынша Астана қаласының соты су басқан көшеде қайықпен жүзгендерге салынған айыппұл қаулысының күшін жойды. 11 қыркүйек күні қала прокурорының орынбасары қаулыға апелляциялық өтінім түсіріпті. Дмирий мен Жандосты құттықтаймыз", - деп жазды заңгер Сергей Сизинцев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 20 тамыз күні елордада толассыз жауған нөсерден қала көшелерін су басты. Жайылма су басқан көшелерде екі жігіт үрлемелі қайықпен жүзген. Бұл әрекетті Астана қалалық ІІД ұсақ бұзақылық деп бағалап, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына сәйкес хаттама толтырған және Астананың арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты олардың әрқайсысына 5 АЕК (12 мың 025 теңге) айыппұл салған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу