"Астана-Қостанай" тальго пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартады

198

Кеңейтілген маршрутқа билеттер сатуға шығарылды. 

 "Астана-Қостанай" тальго пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартады Фото: Максим Морозов

"Жолаушылар тасымалы" АҚ халық тарапынан келіп түсетін сұраныстың артуына байланысты және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, биылғы жылдың 10 маусымынан бастап №81/82 "Астана-Қостанай" тальго жедел пойызының Ақтөбе станциясына дейінгі маршрутын кеңейту туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

№81/82 пойыздың жүру бағытында Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Хромтау, Әйтеке би, Никельтау, Ақтөбе сияқты негізгі станциялар бар.

Пойыз күнделікті кезеңділікпен, Астанадан жұп күндер бойынша, Ақтөбеден тақ күндер бойынша жөнелтілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын алдын-ала 45-тен кем емес және пойыз жөнелтілгенге дейін 1 тәуліктен аспайтын мерзімде сатып алуға болады.

Жолаушылар комиссиясыз билеттерді сайтта немесе темір жол вокзалдарында орналасқан "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында сатып ала алады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі бойынша алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу