Астана күні қарсаңында Маңғыстауда тұщыландыру зауыты жұмысының екінші кезеңі іске қосылды

869

Астана күні қарсаңында Маңғыстауда тұщыландыру зауыты жұмысының екінші кезеңі іске қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Астана күні қарсаңында Маңғыстауда "Каспий" тұщыландыру зауыты жұмысының екінші кезеңі іске қосылды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Маңғыстау облысының әкімдігінде хабарлағандай, ескі жабдықты ауыстыру есебінен заманауи және жоғары тиімді тұщыландыру қондырғыларының іске қосылуымен тұщыландыру зауытының қуаттылығы тәулігіне 20 000 м³ дейін ұлғайған. Бұл төмен сапалы техникалық судан бас тартуға, Мұнайлы, Түпқараған аудандарын, Ақшұқыр, Тельман ауылдарын, Қарақия ауданын, Ақтау қаласының солтүстік бөлігін тұщы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыттың орнатылған жиынтық қуаттылығы - тәулігіне 30 000 м³ дейін, бұл алдыңғы тұщы су беру көлемінен үш есе артық. Жоба облыстың бюджет қаражаты есебінен 2 669 114 868 теңге сомасына қаржыландырылған, зауытта 121 адам жұмыс істейді.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ТКШ жаңғыртуға, инфрақұрылымды, Қазақстанның өнеркәсіп секторын дамытуға бағдар береді. Маңғыстауды сумен қамтамасыз ету үнемі басты проблема болатын, алайда, бүгін біз игі істің куәгерлеріне айналып отырмыз. Бұл проблема жаңа технологияларды енгізу есебінен шешіліп отыр, егер бұрын зауыттың қуаттылығы тәулігіне  10 000 м³ дейін жетсе, енді ол үш есе артқан. Болашақта 2019 жылға қарай қуаттылығы тәулігіне  40 000 м³ дейін ұлғаймақ, бұл облыстағы сумен қамтамасыз ету мәселесін толықтай шешеді", - деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі өңір тұтынушыларын үздіксіз сумен қамтамасыз ету және зауыттың қуаттылығын кезең-кезеңмен 2019 жылға қарай тәулігіне 40 000 текше метрге дейін ұлғайта отырып, жаңғыртуды жүргізу туралы тапсырма берді, бұл өз кезегінде Маңғыстау облысын тұщы сумен толық қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу