Астана күні қарсаңында Ұлттық Домбыра күніне арналған ауқымды мәдени іс-шара өтеді

226

Астанада 6 шілде – Ұлттық Домбыра күніне орай Атырау көпірінде дәстүр мен заманауилықты, үн мен бейнені, жады мен шабытты тоғыстырған ауқымды мәдени іс-шара өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана күні қарсаңында Ұлттық Домбыра күніне арналған ауқымды мәдени іс-шара өтеді Фото: canva.com

Іс-шараның мақсаты – ұлттық мұраға құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын сезіндіру және қазақ мәдениетінің мәңгілік құндылықтарын дәріптеу.

Мерекелік бағдарламаның негізгі бағыттары:

Күйші мен серілер шеруі: Құрманғазы, Дина, Ақан сері бейнесіндегі әртістер 3-4 сағат бойы Атырау көпірінде болып, қонақтармен тікелей араласады.

Домбыра шеберханасы: Жас қонақтар домбыра тартуды үйренуге алғашқы қадам жасайды.

Интерактивті аймақтар: "Күйді тап", домбыра-пазл, викториналар және музыкалық ойындар.

Желмен жеткен үн: Күйлердің атауы мен күйшілердің есімдері жазылған ленталар арқылы жасалған атмосфералық инсталляция.

Ұлы домбырашылар мұрағаты: Жасанды интеллект көмегімен Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса және басқа да тарихи тұлғалардың бейнесі LED-экранда "тіріледі".

"100 кітап" жобасы: Домбыра туралы әдебиеттер көрмесі, кітапханашылармен кездесу және мәдени жадыға терең үңілу.

Домбыра-кино: Ашық аспан астында, қазақ ауылы стилінде ұйымдастырылған алаң: кілемдер, самаурынмен шай және қазақ музыкасына арналған деректі фильмдер.

Мерекелік концерт: Амфитеатр сахнасында аңызға айналған күйлер мен халық әндері орындалады.
Бұл күн жай ғана мереке емес. Бұл – тарихпен қауышу, болмысты еске алу, жүрекке жеткен халық үніне құрмет білдіру күні.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу