Астана күні мерекесіне орай демалыс күндерінің кестесі өзгереді

855

2023 жылы 1 шілде, сенбі - жұмыс күні, ал 7 шілде, яғни жұма күні демалыс болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астана күні мерекесіне орай демалыс күндерінің кестесі өзгереді Фото: massaget.kz

"ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына және 84-бабының 5-тармағына сәйкес, көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. 

Осыған байланысты демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде, сенбіден 2023 жылғы 7 шілде, жұма күнге ауыстырылсын", делінген Үкімет қаулысында.

Айта кетсек, бұл бастама 6 шілдедегі Астана күні мерекесінде берілетін демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру үшін ұсынылып отыр. 

Құжатты ашық талқылау 15 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу