Астана күніне орай 1 шілде сенбі күнгі демалыс 7 шілдеге ауыстырылды

611

ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.  

Астана күніне орай 1 шілде сенбі күнгі демалыс 7 шілдеге ауыстырылды Фото: yandex.kz

ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады.

Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу