Астана күніне орай демалыста халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елорда күніне байланысты 6 шілдеде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
"Дүйсенбіде, 8 шілдеде азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар ғана қабылдайды. 9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кестеге сай жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу