Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше әрі бұрын сонды болмаған дрондар шоуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Түрлі-түсті фигураларды құрайтын дрондар түнгі аспанды ерекше күйге бөлейді. Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арналған, түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары және т.б. көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылып, оған 500 дрон қатысады. Қала әкімдігі шоу демеушілер қаржыландыруымен ұйымдастырылатынын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу