Астана күніне орай ең биік аттракцион ашылады

817

Астана күніне орай ең биік аттракцион ашылады

Айналмалы аттракцион Астана күніне қарай ашылады. Ол Қазақстандағы ең биік аттракцион болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Нысанның биіктігі 65 метр, бұл 22 қабатты ғимараттың биіктігімен бірдей. Салыстырмалы түрде алсақ алматылық аттракционның биіктігі 60 метр. ТМД елдерінің ішінде ең биік айналмалы дөңгелек Мәскеуде орналасқан. Оның биіктігі 73 метр.

Жаңа "дөңгелектің" ауа баптағышпен әрі жылыту қондырғысы орнатылған 36 кабинасы бар. Бұл аттракционды жылдың кез келген мезгілінде қолдануға мүмкіндік береді. Нысанның құрылысы кезінде елорданың климаттық жағдайы ескерілген.

- Айналмалы аттракцион жел тармақтары тәртібі бойынша арнайы төрт бағанмен орнатылды. Аттракционда қыста – 15 градустан аспайтын аязда және секундына 20 метр жылдамдықтан аспайтын жел кезінде де серуендеуге болады, - деді нысанның құрылысымен айналысатын мердігер компания өкілі медиа орталықтың тілшісіне.

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу