Ол бұл мереке қала тұрғындары үшін маңызды екенін атап өтті.
"Тұрғындардың басым бөлігі мерекені күтіп отырған шығар. Сондықтан (мереке – автор) жоспарына өзгеріс енгіздік. Жылдың басында жоспар болған. Алайда санитарлық дәрігерлердің талабына сәйкес, жабық мекемеде өтетін барлық іс-шара онлайн форматта өтеді, көптеген іс-шара болмайды. Көшеде өтетін іс-шараларда арақашықтықты сақтау керек.... Отшашу жоспарда жоқ",– деді елорда әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Астана күні 6 шілдеде атап өтіледі.
Дәурен Ерболат