Сол себепті сақ болып, мүмкіндігінше ғимаратқа жақын жүрмеу қажет.
Ғимараттан шыққан кезде құлауы мүмкін жерлерді айналып өту керек. Балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударған абзал.
Егер сіз жаяу жүргіншілер жолында келе жатып, келеңсіз дыбыс естіген болсаңыз, жоғары қарап тұрмай, тез арада қауіпсіз тұсқа жүгіруіңіз керек.
Мүмкіндігінше ғимараттар мен құрылыстардың жанына көлік қоймаған жөн, онда мұздар мен қардың құлау қаупі бар.
Ғимараттардың шатырын қардан тазалаған кезде міндетті түрде қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс, сол сияқты жұмыс жүргізіліп жатқан жерлерде жүруге тыйым салынатын белгілер қойып, қоршалуы қажет.