"ASTANA LRT" атауының өзгеруі тарифке әсер етпейді. Бүгін елордада қаладағы қоғамдық көлік қатынасын реттейтін компания БАҚ өкілдеріне жаңа ребрендингін таныстырды, деп хабарлайды Atameken Business.
Компания атауы "City Transportation Systems" деп өзгерді. Жаңа логотипті дайындауға бар-жоғы 100 мың теңге ғана кеткен екен. Ал, мекеме өкілдерінің айтынша, компания атауы өзгергенімен, көлік картасын қайта сатып алудың қажеті жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу