Астана ЛРТ басшысы жолақыны көтеру мәселесін қоғамдық талқылауға ұсынбақ

746

Астана ЛРТ басшысы жолақыны көтеру мәселесін қоғамдық талқылауға ұсынбақ

Астана LRT сәуір айында қаладағы жол ақысын көтеру және тасымалдаушыларды субсидиялау мәселесін қоғамдық тыңдалымға шығарады, деп хабарлайды Елорда инфо.

Астана LRT ЖШС директоры Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, компания тарифтік комиссияға қоғамдық көлікте жүру жолақысын көтеру туралы ұсыныспен шыққан.

"Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Қазіргі күні тарифтік комиссияға тек базалық тариф,  есептік тарифпен қоса сараланған тариф мәселесін ұсынып  жатырмыз. Ол әрі қарай сапаршылар кеңесі мен қоғамдық кеңесте, қалалық мәслихатта талқыланатын болады. Бұған қоса, біз тасымалдаушыларды субсидиялау мәселесін де көтеріп жатырмыз", - деді Игенбердинов қалалық әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін автопарктер субсидияланбаған. Қазіргі 90 теңге тарифі 2014 жылы бекітілген.

"Сол уақыттан бері бірқатар өзгерістер болды: дизельдік отын бағасы мен автобөлшектер бағасы көтерілді, жөндеу ақысы өсті. Біз тасымалдаушылардың қандай да бір бөлігін субсидиялау керектігін түсінуіміз керек. Себебі, олар қарамағында жұмыс істейтін жүргізушілер мен кондукторларға дұрыс жалақы төлей алуы тиіс", - деді ол.

Ал журналистердің "жол ақысы қашан және қаншаға көтерілуі мүмкін" деген сұрағына Астана LRT басшысы тариф мәселесі сәуір айына дейін айқындалатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу