Сонымен қатар, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қатысты сотқа шағым түсірілді.
Талапкер соттан "Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысын электронды жинау жүйесін және диспетчерлік жүйені жаңғырту" жобасын жүзеге асыру бойынша серіктесті анықтау туралы жарияланған тендерді заңсыз деп тану және оның күшін жоюды сұрайды.
Соттың баспасөз қызметі талап арыздың әзірге АПК-нің 131-бабына сәйкес келмейтінін, алайда "SMSBUS" ЖШС кемшіліктерді жоюға 7 наурызға дейін уақыты бар екенін түсіндірді.
2023 жылдың басынан бастап "Қалалық көлік жүйелері" қоғамдық көлікте төлем қызметтерін атқаратын "SMSBUS" компаниясын "Tolem Kyu" ЖШС-ға ауыстырды.