"АСТАНА LRT" ісі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды

1253

Қылмыстық іс материалдармен танысу аяқталғаннан кейін сотқа жіберіледі.      

"АСТАНА LRT" ісі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды

Астана LRT жобасына бөлінген 5,7 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша басталған тергеу аяқталды, деп хабарлайды Atameken Business.   

Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің жетекшісі мәлімдеді. Алайда, шет елде жасырынған басты үш фигурант әлі қолға түспеген. Осыған дейін ведомство қазына ақшасын қалтаға басу схемасын қала әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" жетекшісі Талғат Ардан шет елдік және қазақстандық компаниялардың көмегімен жүзеге асырғанын мәлімдеген болатын. Басты күдіктілермен бірге мердігер мекемелердің бірінің басшысы да халықаралық іздеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу