Astana LRT ісі бойынша Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сот үкімі шықты

538

Олар 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Astana LRT ісі бойынша Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сот үкімі шықты

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Виктория Семёнова Astana LRT ісі бойынша Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім шығарды, деп inbusiness.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап жазады.

"Қанат Сұлтанбеков ҚР Қылмыстық Кодексінің 235-бабы 3-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылсын және сот оны қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін ақтауға үкім шығарды. Қанат Сұлтанбеков ҚР ҚК-ның 28-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 2-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалсын. Ардан Талғат ҚР ҚК-ның 262-баптың 3-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылсын және қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін ақталсын. ҚР ҚК-ның 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша жасалған қылмыс үшін кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, - делінген сот үкімінде.

Бұдан бөлек бұл іс бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты сот үкімі шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу