Astana LRT компаниясы автобус пен 9 жеңіл көлік соқтығысқан көлік апаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"14:30-да №1 автобус паркіне тиесілі №9 бағдардың Iveco маркалы автобусы 20 км/сағ жылдамдықпен келе жатып ("Vialon Pro" GPS-бағдарламасының мәліметі бойынша) алдыңғы көліктерге соғылған. Оқиға салдарынан 9 жеңіл көлік бір-біріне соғылды. Жүргізуші таңертең жұмысқа кіріспес бұрын медициналық тексеруден өткен, ал көлік болса техникалық тексеруден өткен", - деп хабарлайды компания.
"Алдын ала мәлімет бойынша, тежегіштің істен шығу нұсқасы нақтыланбайды", деп мәлімдеген Astana LRT таратқан хабарламада. Қазіргі таңда жүргізуші жұмыстан шеттетілді. Астана ІІД тергеу жүргізіп жатыр, ресми қорытынды тергеу аяқталған соң ғана қойылады.