Astana LRT қоғамдық көлік жолақысын QR-кодпен төлеу амалдарын түсіндірді , деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жолақыны QR-кодпен төлеу "SMSBus Жолаушы", "Мой Beeline" (егер Beeline абоненті болсаңыз), Homebank (егер сізде Halyk Bank және Qazkom карталары болса) мобильді қосымшалары арқылы жүргізіледі.
"Үш қосымшаның бірін смартфоннан ашыңыз да, автобус салонындағы QR-код жапсырмасын іздеп табыңыз. QR-кодты сканерлеген соң, қосымшадағы нұсқаулықтарды орындаңыз. Төлемді растаған соң, телефон нөміріңізге электронды чегі бар SMS-хабарлама келеді", - деп жазды Astana LRT компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева әлеуметтік желіде.
Атап өткен жөн, Homebank арқылы төлегенде электронды түбіртекті https://smsbus.kz/bilet сайтынан жүктеп алу қажет. Онда телефон нөміріңізді енгізіп, кілт сөз ретінде картаңыздың соңғы төрт цифрын жазу керек.
"Ақша сіздің телефон теңгеріміңізден немесе банк картаңыздан алынады. Бұл сіздің "SMSBus Пассажир" қосымшасын баптауыңызға байланысты. Егер Homebank қосымшасын қолдансаңыз ақша банктік картаңыздан алынады, ал "Мой Beeline" қосымшасында - нөміріңіздің балансынан алынады. Tele2 және Altel абоненттері Halyk Bank (Qazkom) клиенттері болған жағдайда Homebank қосымшасын қолдана алады", - деп өз сөзін толықтырды Науат Азанбаева.