Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Astana LRT құрылысының жандануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Бүгінде құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Олар бұрынғы шарттар негізінде. Қытайлық және жергілікті серіктестеріміз бар. Шарттағы міндеттемелерге сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мен жұмыс белсенді жүріп жатыр деп айтпас едім. Жұмыстың белсенді жүруі қаражаттың түсуіне байланысты болады. Қазір конкурстық рәсімдер, банктерді таңдау жұмысы жүріп жатыр. Қаржы көзін анықтағасын жұмысты белсенді жүргізуді бастаймыз",– деді Алтай Көлгінов ОКҚ-де өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бетон немесе құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмес бұрын техникалық сараптама міндетті түрде жүргізіледі.
"Бұл техникалық қадағалаудың бақылауында. Техникалық қадағалау бар. Мамандар жұмыс істеп жатыр",– деп түйіндеді сөзін Алтай Көлгінов.
Дәурен Ерболат