Astana LRT көліктік картаның жаңа түрін енгізді

1596

Astana LRT көліктік картаның жаңа түрін енгізді

Елорда автобустарында көліктік картаның жаңа түрі – "Көліктік билет" пен "Көліктік әмиян" функциясы енгізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Astana LRT баспасөз қызметінің хабарлауынша, көліктік билет – жолақысын ақысыз төлеуге арналған шектеулі сапарлар санына лайықталған байланыссыз қағаз көліктік карта.

"Қазіргі таңда көліктік билетті қалалық бағдар бойынша жүретін автобустарда қолдануға болады. 10 сапарға лайықталған көліктік билеттің құны 1000 теңгені құрайды. Оның 100 теңгесі – қағаз картаның құны. Көліктік билет арқылы сапарды тіркеу кезінде пайдаланушы алдағы 60 минутта қалалық бағдар бойынша қозғалатын басқа автобустарға мініп, жүре алады", – делінген кәсіпорынның хабарламасында.

Енді көліктік картаға 5000-ға дейін бірлік құя алады. Мұндай картаның көмегімен, қалалықтар жолақысын қарапайым автобус бағыттарда ғана емес, экспресс-автобустарда да төлей алады. Жуырда мұндай карталар қала маңындағы елді мекендерге қатынайтынқоғамдық көліктерде де пайдаланылатын болады.

"Жол ақысының мөлшері бірдей. Дәлірек айтқанда, пайдаланушылар сапары үшін ақшамен, көліктік картамен де бірдей қаражат жұмсайды", – деп түсіндірді компаниядан.

Көліктік әмиянға салынған қаражатты жұмсау мерзімі шектелмеген. Көліктік әмиянды RTVM автоматтары мен мамандандырылған кассалар арқылы толтыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу