"Астана LRT" компаниясы бойынша іс сотқа жолданды.

699

Әр айыпталушының кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. 

"Астана LRT" компаниясы бойынша іс сотқа жолданды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, "Астана LRT" ЖШС және басқалардың лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Сотқа 7 адам берілді. Қ.Сұлтанбеков және Т. Ардан "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде", – деді ол онлайн брифингте.

Әр айыпталушының кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.

"ҚР ҚПК 201- бабының тәртібімен және тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – дейді Данияр Бекайдаров.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу