"Астана LRT" компаниясының атауы өзгерді

1023

Көлік компаниясы басшысының айтуынша, мекеме атауы оның қызметін көрсетіндей әлемдік үрдістерге сәйкес оңтайлы болуы шарт екен.

"Астана LRT" компаниясының атауы өзгерді

"Астана LRT" ЖШС өз атауын өзгертті. Қала басшылығы серіктестіктің атауын өзгертіп, ребрендингтің тиісті шараларын қабылдау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы серіктестік басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көлік компаниясы басшысының айтуынша, мекеме атауы оның қызметін көрсетіндей әлемдік үрдістерге сәйкес оңтайлы болуы шарт.

"Астана LRT" ЖШС-нің жаңа атауы – City Transportation Systems. Қазақ тіліндегі аудармасы –Қалалық көлік жүйелері.

"Ағылшын тіліндегі атау кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі, біздің компания Халықаралық қоғамдық көлік одағының мүшесі", – деді Бекмырза Игенбердинов.

Компания басшылығының хабарламасына сәйкес, серіктестіктің негізгі басымдықтары қоғамдық көлікті дамыту және тұтынушыларға барлық жағдайды жасау болып табылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу