Астана LRT кондуктордың бір күндік жұмысын видеоролик арқылы көрсетті

1700

Астана LRT кондуктордың бір күндік жұмысын видеоролик арқылы көрсетті

Астана LRT сайтында компанияның көліктік бақылау департаменті қызметкерінің бір күндік жұмысы видеоролик арқылы көрсетілді. Одан таңғы жиналыстан бастап жұмыс соңында берілетін есепке дейінгі қызметкердің толық жұмысымен танысуға болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бейнероликте жолақысын төлемеу, көлік жүргізушінің немесе кеңесшінің жолаушыға билет бермеуі сияқты қоғамдық көлікте орын алатын тәртіп бұзушылықтарды анықтау бойынша қызметкердің күнделікті жұмысы көрсетілген.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері қоғамдық көліктердегі тәртіп бұзушылықты анықтау бойынша тексерісті серіктестік қызметкерлері Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде.

10 ай ішінде жол ақысын төлемегені үшін 5 806 адамға айыппұл салынған. 1 қаңтардан 31 қазанға дейінгі аралықта салынған айыппұл сомасы 27 926 860 теңгені құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу