Астана LRT құрылысы жалғаса ма?

989

Көлгінов жауап берді.

Астана LRT құрылысы жалғаса ма?

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысы тоқтап тұрған Астана LRT жобасы алдағы уақытта қайта жандануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, барлық астаналықты LRT құрылысы алаңдатып отыр. 

"Жобаның құрылысы пандемия кезінде тоқтап қалған еді. Себебі, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерден ғана емес, халықаралық банктерден де займ тарту керек", - деді Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде.

Елорда әкімі Астана LRT құрылысын салу үшін қаражат табу керегін атап өтті.

"Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс жанданды. Банктерден қаржыны алып, жұмысты жалғастыру керек. Салынған құрылыс нысандары қаланың көркін ашып тұрған жоқ. Құрылысқа қомақты қаржы бөлінді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", - деп түйіндеді сөзін ол.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу