2025 жылы алғашқы желісін іске қосу жоспарланған LRT жүйесі қашықтан басқарылатын болады, яғни жүргізушісі болмайды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың отырысында CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев мәлімдеді.
"Жылжымалы құрам ретінде "Тритон" моделі қарастырылған. Оның қуаты – 115 квт, ал максималды сыйымдылық 652 адамға дейін. LRT жүйесінің жылдамдығы – сағатына 80 шақырым. Басқару жүйесі толығымен автоматтандырылған және басқарушысыз болады. Яғни, оператор қашықтан басқарады. Жолаушылар ағыны 25 мың жолаушыға дейін деп болжанып отыр", - деді Ғани Тәжиев.
CTS басшысының айтуынша, LRT құрылысының жалпы құны 1 миллиард 888 миллион долларды құрайды.
Астанада LRT-ның бірінші желісін іске қосу 2025 жылға шегерілді.