Astana LRT жолаушының шағымына қатысты жауап берді

819

Астана LRT мәліметінше, таяу арада карта иелері өз қаражатын және жолсапарларын transcard.kz сайтындағы жеке кабинетінде өз бетінше қадағалап отыратын болады. 

Astana LRT жолаушының шағымына қатысты жауап берді

Астана LRT компаниясы астаналықтардың автобуста жол жүру картасынан екі рет ақша алынатыны туралы шағымына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Серіктестік қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін жолаушылардан карта нөмірін сұратты. Компания мәліметінше, нәтижесінде жүйенің дұрыс істеп тұрғаны анықталған.

"Жөнсіз ақша ұстау орын алмаған. Астана LRT басшылығы жолаушыларға өз жолсапарларын қадағалап, картадағы ақшасын уақытында тексеріп, қажет болса, детализация сұрату керектігін еске салады",-  делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.

Астана LRT мәліметінше, таяу арада карта иелері өз қаражатын және жолсапарларын transcard.kz сайтындағы жеке кабинетінде өз бетінше қадағалап отыратын болады.

Еске сала кетейік, кеше астаналық жолаушылар көлік картасынан бір жолсапарға 90 теңгенің орнына 180 теңгеден ұсталатынын айтып, шағымданған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу