"Astana LTR ісі": Адвокат шетелдік компаниялардан жауап алуды сұрады

1091

Адвокат Сәуле Акатова сотта қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рәшид Аманжоловты қорғап жатыр. 

"Astana LTR ісі": Адвокат шетелдік компаниялардан жауап алуды сұрады

Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта адвокат Сәуле Акатова Astana LRT құрылысына қатысы бар шетелдік компаниялардан жауап алуды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Айыптау актісіне сәйкес, әкімдік пен "Астана LR" ЖШС атынан мемлекетке жалпы сомасы 5,8 млрд теңге көлемінде материалдық шығын келген", - деді Сәуле Акатова. 

Адвокат бұл қаржы "Астана LRT" ЖШС-ның мемлекеттік сатып алу туралы шарттары бойынша төмендегі заңды тұлғаларға іс жүзінде орындалмаған қызметтері (жұмыстары) үшін төленгенін жеткізді. Олар:

1. "MG-Pro" ЖШС (Қазақстан), "Tecnica y Proyectos, S. A." ("TYPSA", Испания) компаниялары. Қазақстанда "Tecnica y Proyectos, S. A." филиалы атынан әрекет етеді, "TMDC" консорциумы құрамына кіреді;

2. "MG-Pro" (Қазақстан), "Tecnica y Proyectos, S.A." ("TYPSA", Испания) компаниялары. Қазақстанда "Tecnica y Proyectos, S. A." филиалы атынан әрекет етеді, "Арх-Синтезпроект" ЖШС (Қазақстан), "TMDC" консорциум құрамына кіреді;

3. "Бюро Веритас Қазақстан Индастриал Сервисез" ЖШС;

4. "Nur Trade Astana" ЖШС (Қазақстан), "SYSTRA" компаниясы (Франция), Қазақстандағы өз филиалы арқылы жұмыс істейді – Қазақстандағы филиалы
СИСТРА акционерлік қоғамы ("SYSTRA"), "KSPMC" (Kazakh Systra Project Management Consortium), консорциумының құрамына кіретін "Алатау-Сәулет" ЖШС (Қазақстан).

"Консорциумдардың азаматтық жауапкер қатарынан шығыралуын негізсіз деп санаймыз, әрі мұны мемлекеттік айыптаудың келісімімен жәбірленушінің және сондай-ақ азаматтық талапкер жоғарыда аталған консорциумдарды және олардың құрамына кіретін заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік компанияларды жауапкершіліктен жалтаруға (егер оған негіз болса) жасаған әрекеті деп ойлаймыз", - деді Сәуле Акатова.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 21 қыркүйектегі айыптау актісі және азаматтық талапкердің дәлелдеріне сәйкес, ұрланған ақша, оның ішінде бюджет қаражаты шетелдік компаниялардың шоттарына аударылған.

"1)  "Nur Trade Astana" ЖШС (Қазақстан) (2013 жылғы LRT (ЛРТ) жобасының ЖБК эпизоды бойынша – 2013 жылдың 30 наурызындағы № 30 шарт бойынша "KSPMC" консорциумы) – 1 029 083 552,64 теңге. Оның ішінде 584 739 084 теңге "SYSTRA" (Франция) компаниясына аударылды, айыптау нұсқасы бойынша оның 743 806 747 теңгесі ұрланған.

2)  "MG-Pro" ЖШС (Қазақстан) "LRT" (ЛРТ) жобасының ЖСҚ әзірлеу" эпизоды бойынша – "TMDC" консорциумы – 2 820 753 948 теңге, оның ішінде 1 754 386 992 теңге (2013 жылдың 30 қыркүйектегі № 58 шарт талаптарын бұза отырып, жоба тоқтағанына қарамастан) аударылған, оның ішінде айыптау нұсқасы бойынша 1 754 386 992 теңге ұрланған.

3) "TECNICA Y PROYECTOS, S. A." компаниясының Қазақстандағы (Испания) 
филиалы атынан "Tecnica y Proyectos, S. A." компаниясына "BRT" жобасын ЖСҚ әзірлеу" (БРТ) эпизоды бойынша "TMDC" консорциумы – 2 886 925 806 теңге (2014 жылдың 31 қаңтардағы № 7 шарт бойынша) аударылған. Оның ішінде 447 781 250 теңге "MG-Pro" ЖШС шотына жіберілген. Айыптау нұсқасы бойынша 2 886 925 806 теңгенің 1 393 857 373 теңгесі  ұрланған. 

4) "SYSТRA" (Франция) компаниясына (2014 жылдың 21 наурыздағы № 26 шарт негізінде "2014 жылғы BRT (БРТ) жобасы" ЖБК эпизоды) – 2 537 155 368 теңге аударылған. Айыптау нұсқасы бойынша оның 1 317 362 050 теңгесі ұрланған;

5) "SYSТRA" (Франция) компаниясы (2014 жылдың 18 шілдесіндегі № 62 шарт бойынша "KSPMC" консорциумы – "ITS ЖБК" эпизоды ) – 161 687 504 теңге. Айыптау нұсқасы бойынша оның 82 626 540 теңгесі ұрланған.

6) "Бюро Веритас Қазақстан Индастриал Сервисез" ЖШС ("BRT (БРТ) жобасы бойынша техникалық қадағалау қызметтері" – "Бюро Веристас" ЖШС эпизоды –  2014 жылдың 11 наурызындағы № 23 шарт бойынша) – 336 688 072,16 теңге. Айыптау нұсқасы бойынша оның 333,5 млн теңгесі ұрланған.

7) "SYSТRA" (Франция) компаниясына (эпизод "ASTRA" жобасы – "KSPMC" консорциумы 2014 жылдың 4 мамырындағы № 37 шарт бойынша) – 207 761 124,84 теңге. Айыптау нұсқасы бойынша оның 207 761 125 теңгесі ұрланған", - деді адвокат.

Ол сотқа аталған компаняларды қатысу керегін атап өтті.

"Осылайша, аталған заңды тұлғалар айыптаудың нұсқасы және азаматтық талапкердің дәлелдері бойынша ұрланған ақшаны, оның ішінде бюджет қаражатын алған. Осы заңды тұлғалардың іс-әрекеттері азаматтық талапкерге материалдық залал келтірілген. Сондықтан "Сity Transportation Systems" ЖШС (бұрынғы "Астана LRT" ЖШС) ісі бойынша сот шешімі жоғарыда аталған заңды тұлғалардың құқықтарына немесе міндеттеріне оның ішінде Рәшид Аманжоловтың ісіне ісер етуі мүмкін", - деді  Сәуле Акатова.

Сөз соңында адвокат бұл дәлелге судья назар аудару керегін атап өтті.

Айта кетейік, 2020 жылдың 29 қазанында елордада LRT құрылысына қатысты сот отырысы басталған еді.

Бүгінде сот алдында 7 адам жауап беріп жатыр: жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рәшид Аманжолов, "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Улугбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов. 

Сондай-ақ елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Astana LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде.  

Тергеу материалдарына сәйкес, Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 млрд теңгеге артық көрсеткен.   

Қазіргі таңда қылмыстық топ мүшелері 5,8 млрд теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Істі судья Қажымұқан Мекемтас жүргізіп жатыр.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу