Астана маңайына блокпосттар қажет пе? ІІМ басшысы жауап берді

429

Министр бас шаһарға кіріп-шығуды шектеудің қажеті жоқ деп санайды.

Астана маңайына блокпосттар қажет пе? ІІМ басшысы жауап берді Фото: freepik

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанаға кіре берісте бақылау-өткізу бекеттерін орнату қажет деп санамайды. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілдері министрден елорда мәслихатының депутаты Азамат Айтхожиннің Астанаға кіріп-шығуды шектейтін блокпост орнату туралы ұсынысына қалай қарайтынын сұрады.

"Біз еркін жүріп-тұруымыз керек. Астананы шектеу - қажет емес нәрселер деп ойлаймын. Бізде қалаға кірген адамдарды  жылдам бақылауға жеткілікті қаражат бар. Алайда қаланы жабудың қажеті жоқ", - деді Ержан Сәденов.

Министр бақылау-өткізу бекеттері болмаса да полицейлер тәртіп бұзушылар туралы жылдам хабардар болатынын айтты.

"Сондықтан ешқандай қажеттілік жоқ. Бұрын барлық жерде бақылау-өткізу бекеттері болды. Алайда біз оны алып тастадық. Ал пандемия, төтенше жағдай кезінде бұл әкімдіктің құзырындағы шаруа болады", - деп қосты ІІМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу