Астана-Павлодар тас жолының жабылуына байланысты №317 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT-ға сілтеме жасап.
"Астана-Павлодар тас жолының жабылуына байланысты № 317 қала маңына қатынайтын бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қозғалысты қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу