Астана маңындағы елдімекендерде тұратын халық саны қарқынды өсуде – облыс әкімі

281

Астана агломерациясындағы халық саны 72 пайызға артқан. 

Астана маңындағы елдімекендерде тұратын халық саны қарқынды өсуде – облыс әкімі Фото: canva.com

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Үкіметте өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, Астана агломерациясындағы тұрғындар саны 72 пайызға артып отыр.  

"Шындығына келгенде, бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мәселен, Қосшы қаласында 52 мың азамат ресми тіркеуде тұрғанымен, шын мәнінде онда 112 мың адам тұрып жатыр. Өздеріңізге белгілі, біз белгілі бір халық санына бағытталған іс-шараларды жоспарлаймыз, бірақ жылу, сумен жабдықтау желілерін әрі қарау жалғастыру қажеттігінен ол аяқсыз қалып жатады. Ол үшін қосымша түзету енгізу керек. Бюджет Кодексіне сәйкес, республикалық бюджет есебінен басталған барлық түзету жергілікті бюджеттің мойнына жүктеледі", - деді өңір басшысы.

Сөзінше, Ақмола облысы қарқынды өсіп жатыр. Оның ішінде Астана агломерациясында халық саны да артуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу