Астана маңындағы өрт: 447 тонна су төгілді

408

Өртті сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Астана маңындағы өрт: 447 тонна су төгілді Фото: gov.kz

Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері 80 гектар аумақта құрғақ шөптің өртеніуін сөндіруді жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД, "Астана Орманы" бөлімшелерінің күшімен жекелеген өрт орындарын жырту және үнемі қарауылдау жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация өрт ошақтарына 149 рет көлемі 447 тонна су төкті.

"20 маусым күні сағат 20.16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне кетті.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов көрші өңірлерден келген өрт сөндірушілерге жедел ден қойғаны және елордалық өрт сөндірушілерге құрғақ шөптердің өртенуін сөндіруге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді", делінген министрлік хабарламасында.

Өртті сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Жергілікті жерде Өрт сөндіру штабы жұмысын жалғастыруда.

Қала әкімдігі еріктілермен бірлесіп өртті сөндіруге қатысушылар үшін тамақ ұйымдастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу