Өрт сөндірушілер Астана маңындағы құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Елордалық ТЖД, сондай-ақ, Ақмола және Қарағанды облыстарының келген өрт сөндірушілер 80 гектар аумақтағы өртті сөндіруді жалғастырып жатыр. Өрт басталғалы бері авиация 74 рет көлемі 222 тонна су ағызды. Өртті сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 172 адам, 46 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды", - деп жазды ведомстводан.
Өрт сөндіруді ТЖ министрі Сырым Шарипханов өз бақылауында ұстауда
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу