Жанған қамыс пен құрғақ шөпті ауыздықтауға Ақмола мен Қарағанды облысының өрт сөндірушілері де көмекке келді.
Тікұшақтар бүгінге дейін 74 рет көкке көтеріліп, 222 тонна су ағызған. Соған қарамастан 80 гектар аумақты шарпыған қызыл жалынды толықтай өшіру мүмкін болмай отыр. Кеше Төтенше жағдайлар министрі бұл өртті сөндіруге 2 аптадай уақыт керектігін айтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу