Астана маңындағы патша қорғанында қазба жұмыстары басталды

1080

Зерттеу жұмыстары барысында қорғанның жоғарғы қабатындағы бастапқы 7 қабір (яғни, ең ертедегі) ашылды. 

Астана маңындағы патша қорғанында қазба жұмыстары басталды

"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында елорданың жанындағы патша қорғанында қазба жұмыстары қолға алынды. Бұл қорған қазіргі заманғы мегаполистің аумағында сақ дәуірінде де тіршіліктің болғанына дәлел бола алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен елорданың жанындағы патша қорғанында қазба жұмыстары қолға алынды. Археологтар екі апта бойы тынымсыз еңбек етуде. Зерттеу жұмыстары барысында қорғанның жоғарғы қабатындағы бастапқы 7 қабір (яғни, ең ертедегі) ашылды. Жерлеу рәсімі бойынша зираттар 15-16 ғғ. жатқызылды.

 Айта кетейік, олар мұсылман дәстүрімен жасалған. Екі моладан әшекейлер табылды, оның ішінде қола сырға мен күміс жіп те бар. Ал қыздың қабірінен неке жүзігі табылды. Ол оны оң қолына киген екен.

Қорған Қарағандыға баратын жолда Күйгенжар шатқалында орналасқан. Қазіргі кезде сақтар қорғанының шетінде қазақ зираты бар.

Таспен жабылған қорғанның биіктігі 4 м, диаметрі – 60м. Оның гранит плиталары Нұра өзенінің жағасынан алынғаны белгілі.

Қорымды зерттеу жұмыстарын Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы үйлестіріп отыр, ал қазба жұмыстарын Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Есіл археологиялық экспедициясы жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу