"Қазіргі уақытта Астана марафонына қатысу үшін 4 383 адам тіркелді. Олардың көбі 10 шақырым қашықтыққа жүгіруге тіркелген. Тіркелім әлі де жалғасуда, - деді медиа орталық тілшісіне "Астана марафон" директоры Гаухар Брамлей-Фентон.
42.2 шақырым және 21,1 шақырымға тіркелім – 11 қыркүйекке дейін, 10 шақырымға тіркелім – 14 қыркүйекке дейін. Сонымен қатар қатысу үшін 14 қыркүйекке дейін Crossfit Astana клубтары арқылы және 15-16 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін Astana Marathon EXPO 2017 спорттық жәрмеңкесі кезінде тіркелуге болады.
Шараға Кениядан атақты жүгірушілер қатысады. Оған марафондық қашықтықтарда тұрақты таңғаларлық нәтиже көрсетуші Саймон Кипругут Кируй (Simon Kiprugut Kirui), Генри Кипсанг (Henry Kipsang) и Чебой Хильда Джепкогей (Cheboi Hildah Jepkogei) қатысады.
1-ші орынға ие болған жеңімпазға 850 000 теңге көлемінде сыйақы және "Air Astana" әуе компаниясына кез-келген бағытқа бару-қайту бағыты бойынша билет беріледі.
Биыл жыл сайынғы Astana Marathon 2017 марафоны 17 қыркүйекте елордада өтеді. Astana Marathon 2017 қатысушыларына 42.2 км, 21.1км қашықтығына 18 жастан жоғары, 10 шақырымдық эстафеталық марафонға 16 жастан жоғары және скандинавиялық жүру ұсынылады.
Марафоншылар сағат 06.00-ден бастап жиналу керек, жүгіру сағат 07.00-де басталады. Жиналу орны: Тұрар Рысқұлов көшесі, Түркістан 2 көшесінің қиылысы ЭКСПО-ға қарама-қарсы Р4 автотұрақ аумағы. Аяқталуы сағат 13.00-ге жоспарланған.