Astana Marathon 2021-ге екпе алған желаяқтар ғана қатыса алады

1065

Нұр-Сұлтанда 26 қыркүйек күні жыл сайынғы Astana Marathon 2021 халықаралық марафоны өтеді. Биыл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Astana Marathon 2021-ге екпе алған желаяқтар ғана қатыса алады

Марафонды қаланың Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бұқаралық, соның ішінде спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондықтан биылғы жарысқа қатысушылар саны шектеулі болмақ. Ал КВИ-ге қарсы вакцинациядан өткен желаяқтарға қатысуға рұқсат етіледі (вакцинация тек ересек қатысушылар үшін).

Astana Marathon 2021 аясында екі қашықтық көзделеді: 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 42,2 км, ал 16 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 10 км (тек кәмелетке толған адамдар ғана вакцинацияланады). Марафонға қатысу үшін 23 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін www.astana42k.com сайтынан онлайн тіркелуге болады.

Айта кету керек, биылғы марафон оған қатысушылар үшін ерекше болмақ, өйткені биыл ол "қола" статусына ие.

Bronze Label Road Races 2019 жылғы қарашада World Athletics ұйымы тарапынан беріліп, ТМД аумағында Astana Marathon осындай статусқа ие болған алғашқы және жалғыз марафон жасады. 2018 жылдан бастап Astana Marathon Халықаралық марафондар мен желаяқатар қауымдастығының (AIMS) мүшесі, 2020 жылдан бастап Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group жас ерекшелік топтарында марафоннан әлем чемпионатының біліктілік марафондар тобына енді.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара қайырымдылық шарасы болып саналады. Осылайша, 2009 жылдан бастап Astana Marathon ұйымдастырушылары қазақстандық қайырымдылық ұйымдары үшін 37 млн теңгеден астам қаражат жинады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу