Астанадағы кафелерде ит еті қолданылғаны рас па?

416

Ит етінің қоғамдық тамақтану орындарында сатылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Астанадағы кафелерде ит еті қолданылғаны рас па? Фото: canva

Бұл туралы "Астана Ветсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған қауесеттер 2023 жылы Ақмола облысында тіркелген оқиғалармен байланысты.

Сол кезде жануар тектес өнімдердің заңсыз айналымы анықталып, құқық қорғау органдары тарапынан тиісті тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, кінәлі тұлғалар сот шешімімен жауапкершілікке тартылған.

"Қазіргі уақытта елорда аумағында мейрамханаларда, кафелер мен асханаларда ит етін жеткізу, сату немесе пайдалану фактілері ресми түрде тіркелмеген", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ветеринариялық-санитариялық бақылау елордада тұрақты түрде жүргізілетіні атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу