Астана мектептері елбасының мақаласын талқылады

676

Астана мектептері елбасының мақаласын талқылады

Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы талқыланды. Шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында мектеп директорлары кириллицадан латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, бұл шешімнің өзектілігі туралы баяндады. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылым және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.

2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек.

"Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергі болмайды. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек", – деп жазды елбасы өз мақаласында.

Балалар директорларды ұйып тыңдап, қойған сұрақтарына мәнді жауап алды. Балалар мен мұғалімдер президенттің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу