Елорданың бес ауданында оқушыларға, ата-аналарға тегін психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттері құрылды (Қаланың әдістемелік орталығы, "Ұстаздар үйі", №22 ШГ, № 54 МЛ, № 88 МЛ базасында).
2024 жылдың басынан бері онда 142 бала мен 156 ата-анаға (2023 жылы 264 бала мен 254 ата-ана) консультациялар өткізілді.
Енді елордада қалалық психологиялық қолдау орталығын ашу жоспарлануда. Орталық базасында диагностикалық, түзету-дамыту, консультациялық, психопрофилактикалық қызметтер жүзеге асырылатын болады.
Елорданың мектептері мен колледждерінде психологпен тікелей байланысуға және консультациялық көмек алуға мүмкіндік беретін QR-кодтары бар ақпараттық тақтайшалар орналастырылған. Балалар мен олардың ата-аналары сұрақтарға жауап ала алады, сонымен қатар оқушылар арасында туындаған мәселелер бойынша шаралар қолдана алады.
Биыл білім беру ұйымдарында буллингке қарсы бағдарламаны іске асыру жоспарлануда.
Ол үшін пилоттық жобаға 5 мектеп (Алматы ауданының № 72 мектебі, Байқоңыр ауданының № 16 мектебі, Нұра ауданының № 79 мектебі, Есіл ауданының № 24 мектебі, Сарыарқа ауданының № 6 мектебі) енгізілді.
Осы бағдарлама шеңберінде қорқытудың алдын алу және азайту (сабақтар, тақырыптық кезекшіліктер, бірлескен оқулар өткізу), буллингтің анықталған жағдайларын шешу бойынша іс-шаралар өткізілетін болады. Сондай-ақ мұғалімдерді оқушылардың мазасыздық дәрежесін анықтау дағдыларына оқыту жоспарлануда.