Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Орал қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде күн фотоэлектрлік жүйесі орнатылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
"Мектептерге күн энергиясы" атты пилоттық жобаны іске асыру 2016 жылы "Шелл" компаниясының ҚР энергетика министрлігімен бекітілген меморандум аясында жүзеге асады. Аталған пилоттық жоба "Жасыл экономикаға көшудің" жалпыұлттық ауқымда мақсатын одан әрі қолдау бойынша шағын габаритті энергия өндіріс саласын дамыту,
"Біз осы жобаны іске асыру арқылы еліміздің әр аумақтарында жаңартылатын энергия көздерінің одан әрі жаппай қолдану қондырғыларды пайдалана отырып өзіндік платформа қалыптастыру үшін елүкіметінің жаңартылатын энергия көздері саласында және парниктік газдар шығарындыларын азайту бағытында атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесін көрсетуі тиіс", - деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
"Осы меморандум аясында біз мектептердің шатырларына күн фотоэлектрлік жүйесін орнатамыз. Бұл жоба жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдаланудың тамаша үлгісі және болашақта еліміздің басқа аймақтарында енгізілуі мүмкін", - деп атап өтті Астана әкімі Әсет Исекешев.
"Біз "Шелл" компаниясының Қазақстандағы 25 жылдық жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мен қалыптасқан серіктестік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Біздің компания Қазақстанда өз жұмысын одан әріде дамыта беруге мүдделі. Осы меморандум аясында қазақ елінің "жасыл экономика" саласында жасап жатқан жұмыстарын қолдауға қуаныштымыз және осы жоба бұл бағыттағы еңбектің жемісін көрсетеді деп ойлаймыз", - деді Қазақстандағы "Шелл" концернінің вице-президенті және төрағасы Оливье Лазар.