Астана мектептеріндегі жемқорлық: Оқушылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

576

Елордада оқушылардың тамағына бөлінген қаражатты қызметкерлерге таратып тастаған.   

Астана мектептеріндегі жемқорлық: Оқушылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған Фото: egemen.kz

Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мектептегі балалардың тамағына бөлінген қаражатты тиімді иегеруге қатысты мәселе бар. 2021 жылы қаржыландыру жоспары бойынша 1 млрд теңге қарастырылған. Білім беру басқармасы нысандарының шығыстары 264 млн теңгені құрады.

Ол №60 мектеп-лицейі 108 млн теңгені, №37 мектеп – 59 млн теңгені, №72 мектеп-лицейі – 31 млн теңгені, №22 мектебі 4 млн теңгені бюджетке қайтару керек екенін айтты. Өйткені, бұл қаражат бюджеттен тек балалардың тамағына бағытталған.

"1,1 млрд теңге білім беру нысандарына берілді. Тиімсіз игеру бойынша айырмашылық 815 млн теңгені құрап отыр. Егер қағаз жүзінде 264 млн теңге расталып жатса, онда осы соманы ғана беріп, қалған ақшаны бюджетке қайтару керек. Қаражатты қайтарудың орнына, олар ақшаны сыйақы, үстемеақы ретінде игерген. Біз осында әр тиынды санап отырсақ, аталған нысандарда сыйақыға миллиондап қаражат бөліп жатыр", - деп мәлімдеді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу