Мұғалімдер ересек адамдарды сабақ соңында балалармен кездесуге шақырады. Үндеу мектеп оқушыларының ата-аналары мен заңды өкілдеріне арналған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Астана қаласы Білім басқармасының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қолданыстағы ережелерге сәйкес, жаңбыр мен көктайғақ сабақты тоқтатуға негіз бола алмайды", - делінген хабарламада.
Бұл ретте басқарма әрбір ата-ананың бұл туралы сынып жетекшісіне алдын ала хабарлап, баласын мектепке жібермеуге құқығы бар екенін еске салады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу