Астана мен 13 облыста күн райына байланысты ескерту жарияланды

135

Атырауда 20 қарашада кей уақытта тұман түседі.

Астана мен 13 облыста күн райына байланысты ескерту жарияланды Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанның 13 облысында ауа күн райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 20 қараша күні түнде және таңертең тұман түседі.

20 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

20 қарашада түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз көктайғақ болады.

Қарағандыда 20 қарашада күндіз көктайғақ болады.

20 қарашада түнде Ұлытау облысының орталығында, шығысында кей уақытта қатты қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жезқазғанда 20 қарашада түнде кей уақытта қатты қар жауады, түнде және таңертең тұман түседі.

20 қарашада түнде Қызылорда облысының орталығында көктайғақ болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қызылордада 20 қарашада кей уақытта тұман түседі.

20 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Оралда 20 қараша күні түнде және таңертең тұман түседі, түнде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

20 қарашада күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанайда 20 қарашада күндіз көктайғақ болады, тұман түседі.

20 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

20 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде көктайғақ. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Таразда 20 қарашада түнде және таңертең кей уақытта найзағай ойнайды. Кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

20 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 21 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Тәулік бойы 21 қарашада бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Петропавлда 21 қарашада бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

20 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте 20 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда 20 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу