"Астана" мен "Ақтөбе" кездесуі сенсациямен аяқталды

522

Елордалық команда ұпай жоғалтып, чемпиондыққа талас қыза түсті.

"Астана" мен "Ақтөбе" кездесуі сенсациямен аяқталды Фото: kazfootboll.kz

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 24-ші турындағы ойында "Ақтөбе" өз алаңында "Астанамен" ойнады.

Қазақстан чемпионы бұл ойынға бірқатар көшбасшыларды шығарған жоқ, олардың көпшілігі резервте болды. Матчтың басы тәртіп бұзумен басталып, төреші пенальти белгіледі. Оны Әлібек Қасым голға айналдырды. Осыдан кейін астаналықтар бастаманы өз қолдарына алып, допты қарсыласқа бермеді.

Бірақ бұдан нәтиже шықпады. Бірінші тайм алаң иелерінің минималды басымдығымен аяқталды. Екінші таймда "Астана" есепті теңестіруге тырысты. Алайда, қақпасына тағы бір гол соғылды. Кезекті шабуылдардың бірінде Бауыржан Байтана айып алаңынан пас шығарып, ал Шина "Астана" қақпасының төменгі бұрышын дәл көздеді. Қорытынды есеп 2:0.

Осылайша "Ақтөбе" 48 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасса, "Астана" 49 ұпаймен екінші орында сақтап қалды.

Сонымен қатар бүгін қарағандылық "Шахтер" ҚПЛ 24-тур аясындағы ойында өз алаңында "Тобылмен" кездесті. 26-минутта Момчило Мркайчтың голынан кейін қостанайлықтар бірінші болып алға шықты. Екінші таймның 47-минутында Айбар Абдулла таразы басын теңестірді. 80-минутта Иван Свиридов қарағандылықтарға жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, 58-минутта "Шахтерден" Антон Толодрава мен "Тобыл" сапынан Альберт Габараев төбелесіп, алаңнан қуылды.

Кездесу қорытындысы бойынша "Шахтер" 28 ұпаймен тоғызыншы орында қалды. Ал "Тобыл" 29 ұпай жинап, сегізінші сатыға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу