Алатау қаласының арнайы мәртебесіне қатысты заң осы айда Президент қарауына енгізілмек

122

Құжат бірнеше бағытты қамтиды.

Алатау қаласының арнайы мәртебесіне қатысты заң осы айда Президент қарауына енгізілмек Фото: Үкімет

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" Конституциялық заң қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жаңа Конституцияның нормаларын іске асыру аясында Ұлттық экономика министрлігі "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заңдардың жобаларын әзірледі. Жаңа Конституцияда жекелеген өңірлерінің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында конституциялық заңдармен қаржы саласында арнайы құқықтық режим немесе "қарқынды даму қаласының" арнайы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін екендігі көзделген", – деді Ұлттық экономика министрі.

"Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы:

  • жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен өкілеттіктерін айқындауды;
  • озық халықаралық және шетелдік стандарттарды, техникалық регламенттерді және технологиялық нормаларды қолдануды; 
  • цифрлық активтердің айналымын реттеуді;
  • шағын биіктіктегі экономика саласын және электронды ұшқыш аппараттарды дамытуды;
  • инвестицияларды қорғауға және олардың тұрақтылығына кепілдік беруді;
  • салық салудың және бюджеттік қатынастардың ерекше режимін қолдануды көздейді.

Серік Жұманғарин тиісті заң жобасы Парламенттің қарауында екенін айтты. 

"20 наурызда заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен отырысының бірінші оқылымын, ал 27 наурызда екінші оқылымын өткізу жоспарланып отыр. Заң жобасы наурыз айының сонына дейін Мемлекет басшысына қарауына енгізілетін болады", – деп атап өтті вице-премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу