Астана мен Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың қатарына енді

765

Астана мен Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың қатарына енді

Бұл туралы халықаралық "Numbeo" порталы хабарлады деп жазды Тengrinews.kz.

"Numbeo" порталы "Cost of Living Index 2018" есебін жариялады. Бұл есеп әлемдегі өмір сүру ең қымбатқа және ең арзанға түсетін қалаларды анықтауға арналған. Аталған рейтингте 540 қала бар. Астана мен Алматы 470 және 478-орындарға жайғасқан. Ал қолжетімді деп саналатын санатта шаһарларымыз 70 және 62-орындарда тұр.

Тізімде Алматыға непалдық Катманду мен колумбиялық Медельин жақын орналасқан. Ал Астанаға жақыны – Мехико мен сербиялық Ниш. 

Айта кетейік, бұл рейтингте өмір сүру құны Нью-Йорк қаласымен салыстырылған. Рейтингті жасау үшін әр елдердегі азық-түліктің, заттардың, коммуналдық қызметтер мен баспананың бағасы ескерілген.

Әлемдегі ең арзан қалалардың ондығына Үндістанның сегіз, Украинаның екі қаласы енді. Рейтингтің ең төменгі көрсеткіші Тривандрам қаласына тиесілі.

Ең қымбат қалалардың көшін Гамильтон бастап тұр. Бұл қатарда Швейцарияның алты, Норвегияның екі және Исландияның бір қаласы бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу