Астана мен Алматы әуежайлары ТМД елдерінің ең ірі ондығына енді

1813

Астана мен Алматы әуежайлары ТМД елдерінің ең ірі ондығына енді

Халықаралық және ішкі әуе рейстерін атқаратын қазақстандық әуе тасымалдағыштардың заманауи әуе кеме парктері бар. Сонымен қатар, "Эйр Астана", "СКАТ", "Бек Эйр" және "Qazaq Air" сияқты 4 негізгі әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап беретін шетелдік заманауи ұшақтары бар.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда ішкі әуе рейстерді 39 бағыт бойынша алты қазақстандық әуе компаниясы атқарады (аптасына 500-ден астам рейстер)", - деп мәлімдеді ҚР ИДМ-де.

Аталмыш көрсеткіштің өсімі тасымалданған жолаушылар санының артуымен байланысты. Елдегі жұмыс істеп тұрған республикалық және облыстық маңыздағы 18 әуежайдың жыл сайынғы жолаушыларға көрсететін қызметінің жартысынан көбі Алматы мен Астана әуежайларына тиесілі.

"Соңғы 5 жылда Алматы мен Астана әуежайларының қызмет көрсететін жолаушылар үлесі артып, жыл сайын 68% құрап отыр. Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларының әуежайлары одан кейінгі орында тұр және саладағы жалпы жолаушыларға қызмет көрсетуі 7-5% құрайды. Ал, Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау және Петропавл қалалары әуежайларының жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша төменгі көрсеткішке ие", – деген мәлімет берді министрлікте.

primeminister.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу