Астана мен Алматы әуежайларында іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталды

13 қазанда көлік полициясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп "Тбилиси-Астана" рейсімен келе жатқан 42 жастағы Грузия азаматын ұстады. 

Астана мен Алматы әуежайларында іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталды

Оған 2021 жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясы Иркутск аудандық сотының шешімімен "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны" үшін мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Дәл осы күні Алматы әуежайында "Алматы-Мәскеу" бағытымен ұшатын рейске тіркелу кезінде де осындай жағдай орын алған.

Ұсталған азамат Өзбекстан ІІМ алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жариялаған. 1983 жылы туған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу